Біз туралы

Құрметті оқырман!

«Saıypqyran.kz» сайтынан Сіз, өз талғамыңызға жан-жақты жауап бере алатын ақпаратты тез таба алатыныңызға үміттенеміз. Сіздер бізден тек маңызды шағын хабарламаларды да ғана емес, сонымен бірге терең сараптамаларды да оқи аласыздар. Бұдан бөлек, сайтымыздан экономика, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы мен басқа да бағыттағы материалдарды, әңгімелерді, өлең-жырларды оқисыздар және фоторепортаждарды, бейнеүзіктерді де көре аласыздар.

Біздің басты мақсатымыз – Сізді бүгінгі күннің өзекті және қажетті материалдармен қамтамасыз ету болып табылады.

Ең бастысы біз журналистиканың басты қағидасы, адамдарды шынайы ақпараттармен дер уақытында қамтамасыз етуді басшылыққа ала отырып, сіздерге тек бір жақты көзқарасты ғана емес, сонымен қатар қарсы жақтың уәжін де назарларыңызға ұсынатын боламыз. Себебі осы жолмен ғана азаматтар нақты бір жайға қатысты жан-жақты ақпаратпен хабардар болады. Осылайша, жұрт арасында соның арқасында пайда болатын кейбір түсініспеушіліктерге жол берілмейтін болады. Сондай-ақ, сайтымызда әлеуметтік желілерде жарияланған фейк (жалған) ақпараттарды да тез әшкерелеп, оқырмандарымызды келесі жолы ондай ақпараттардан сақтану жолдарын көрсетеміз.

Сіздердің материалдарымызға деген қызығушылықтарыңыз, біз үшін үлкен және басты марапат болып табылады.

Сіздерге деген құрметпен:

«Saiypqyran.kz» апараттық-сараптамалық порталының жетекшісі,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ.