АРДАҚТАЙЫҚ ҰСТАЗДЫ!

0
166

Ұстаз деген ұлы есім білгенге,
Ғұмырларын арнаған жан еліне.
Еңбектері ұлан-ғайыр шектеусіз,
Ұрпағымыз түзу жолмен жүргенге.

Ақыл берген,сана берген,ой берген,
Қолымызға қалам ұстап үйреткен.
Ғалымды да,ұшқұштыда оқытып,
Бүкүл ғалам ардақтаған иілген.

Ұстаздарым дана мықты кемеңгер,
Білімсіздің күні қараң дегендер.
Болашаққа түзу бағдар жол сілтеп,
Сол себепті тынбай еңбек еткендер!

Құрметті ұстаздар, ата аналар, бүгінгі білім күні мерекелеріңіз құтты болсын! Білім нәрімен болашақ өскелең ұрпаққа тәлім тәрбйе беріп жатқан, аяулы ұстаздарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілеп, отбасына амандық дендеріне саулық, творчестволық табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен: Сабырбеков Мақсат Үмбетұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз