Сағыныш

1
265

Сабырбеков Мақсат Үмбетұлы 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1992 жылы орта мектепті аяқтаған.

Бүгінгі таңда Семей қаласының тұрғыны. №75484 және  №32388 әскери бөліміндерінде келісімшарт негізінде шеберхана басшысы лауазында қызмет атқарған. Бүгінгі таңда зейнеткер. №32388 әскери бөлімінде шебер лауазымы бойынша жұмыс атқарады.

Бір ұл, бір қыздың әкесі. Әкесі Үмбет қолына жыр қаламын ұстап, қазақтың қара өлеңіне өзіндік үлес қосқан ақын. Әке жолын қуған Мақсат Үмбетұлы  әртүрлі тақырыптарды жыр жолдарына сыйдыруда. Заманауи техниканы толық меңгерген. Оқырмандары өлеңдерін сүйіп оқиды.

Мақсат Үмбетұлы заманауи тың тақырыптарды бағындырып, түрлі салада қазақтың қара өлеңін шапан жауып халқына ұсынуда. Қаламың ұштала берсін дейміз Мақсат! Жазарың көбейсін!

 

АНАШЫМ!

 Асыл анам мейірім төккен көздерің,

Аялаған алақаның, еркелеткен сөздерің.

Бәрі артта қалды бүгін, көрген түстей зымырап,

Кетті-ау өтіп, сағым күндер қайта оралмас кездерім.

 

Сағындым ғой таба нан мен сар(ы) майыңды шайқаған,

Көңіл-күйді шаршап келсем қас-қабақтан байқаған.

Сырқаттансам өзің емдеп жазушы едің жанды сап,

Ертесіне жүруші едім аттай шауып, әнге сап.

 

Сол күндерім, артта қалды армандаймын сағынып,

Аңсауменен, қиялменен еске аламын қамығып.

Немереңді қысып бір сәт,  құшағына алса деп,

Құмарлана мауқын  басып, сүйіп шөлін басса деп.

 

Ардақтым-ау, асыл Анам қош болғын,

Аруағыңа құран оқып, дұға жасап отырмын.

Жатқан жерің жарық болсын, жайлы боп,

Бір Алладан осы ғана сұрарым,

…Жок қой басқа амалым!

 

 

 ӘКЕМЕ!

Менің әкем ұлы адам, өзім үшін кемеңгер,

Мына бала артық айтты асып кетті демеңдер.

Әрбір айтқан ақыл сөзі мына менің санамда,

Үлгі тұтам ардақты әке бір өзіңді қашанда.

 

Жүріп келем өзің нұсқап, өзің жүрген жолменен,

Дәл өзіңдей менде бір ұл тәрбиелеп өсірген.

Бір алладан медет тілеп, тайдырма деп ақ жолдан,

Топқа салдым немереңді ұшырып мен қолымнан.

 

Айтушы едің аттама деп ала жібін өзгенің,

Қиянат қып жылатпағын әлсізбенен жетімнің.

Осы айтқан сөздеріңді есте сақтап ұдайым,

Адалдықты ту қып ұстап жүремін мен ылайым.

 

Әкетайым қамқор болған, тірек болған ұстазым.

Өткен күндер, сағым жылдар бірге өткен қыс-жазым.

Жатқан жерің жайлы болып, орын тисін жұмақтан,

Періштелер жол бастап, иманың болсын жолдасың!

 

ҚҰРДАСТАРДЫ САҒЫНДЫМ!

Он жыл бойы бірге жүрген құрдастарды сағындым,

Білім алып ойнап күлген сыныптастар жан құрбым.

Кездескенде еске алысып балалық шақ күндерді,

Ән шырқасып, думандатып отыратын сырласып.

 

Бала болып асыр салып, тай- құлындай тебісіп,

Бұрымынан тартып қалып қыздарменде шекісіп.

Асық ойнап, доп қуалап қалып қойып сабаққа,

Талай рет ұрсыс естіп, тұрдық біздер бұрышқа.

Сол кездегі достарымның кейбірі жоқ арада,

Бәрің кеттің тарап-тарап бірің қырға қалаға.

 

Арман қуып алға қарай кеттік біздер бөлініп,

Содан бері ширек ғасыр өткенінде сезбедік.

Кеше ғана асыр салған күндеріміз сағыныш,

Енді міне, егде тартып ел ағасы болыппыз.

 

Отыз жылда болып қапты мектептен де кеткелі,

Көрмегелі біраз болды сағынысып жүргелі.

Ауыл барып асыр салып қуанышта қауышып,

Кездесуге Алла жазсын бәріңді де сағындық!

 

 

ҚҰТ ДАРЫҒАН ҚАРАТҰМА МЕКЕНІ!

Жалындаған жастығымның куәсі,

Қаратұмам ән мен жырдың ордасы.

Сауық құрып, ойын ойнап, ән салған,

Берекелі халқымыздың ортасы.

 

Құт дарыған Қаратұма мекені,

Көрініп тұр жасыл жайлау екені.

Алмасы мен бүлдіргенің жесеңіз,

Пай-пай, шіркін, таңдай еріп кетеді.

 

Омартасы өзі жеке мекеме,

Балын жесең, бойыңа ем дертіңе.

Әлем бойы екінші орын алады,

Сапасы мен құндылығы жөнінде.

 

Күнбағыспен алтын астық ортасы,

Жүзімімен толықсыған қамбасы.

Қауын-қарбыз бәрі осы ауылда,

Алла берген сыйы болар қауымға.

 

Жырға қосып осылайша ақтарам,

Мен өзіңмен болғаныма мақтанам.

Қайда жүрсем тілеушің боп жүрейін,

Тек жақсылық қуанышты тілеймін!

 

 

 ЕЛ ҚОРҒАНЫ ПОЛИЦИЯ!

Еліміздің қорғаны,

Ішкі істер органы.

Татулықты тік ұстап,

Тыныштықты қолдады.

 

Дүрбелең мына заманда,

Қилы қыстау қоғамда.

Басты міндет тыныштық,

Сыйлай білу адамға.

 

Көп рахмет айтамыз,

Полиция жандарға.

Еңбектері ақталсын,

Абыройы сақталсын!

 

 

ҰСТАЗДАРҒА!

Ұстаз деген ұлы есім білгенге,

Ғұмырларын арнаған жан еліне.

Еңбектері ұлан-ғайыр шектеусіз,

Ұрпағымыз түзу жолмен жүргенге.

 

Ақыл берген, сана берген, ой берген,

Қолымызға қалам ұстап үйреткен.

Ғалымды да, ұшқышты да оқытып,

Бүкіл ғалам ардақтаған иілген.

 

Ұстаздарым дана мықты кемеңгер,

Білімсіздің күні қараң дегендер.

Болашаққа түзу бағдар жол сілтеп,

Сол себепті тынбай еңбек еткендер!

 

 

ПАЙ, ПАЙ ӨМІР!

Пай-пай өмір, өтесің-ау бір күні,

Қалады ғой ойын-күлкі дүр-дүрі.

Қандай игі із қалдырдым артыма,

Пайдам тисе қуанар ем халқыма.

 

Пай-пай өмір, неткен ғажап тіршілік,

Күйбелеңмен өтіп жатқан бір күндік.

Жан алысып, жан берісіп білінбей,

Өтіп барад(ы) бұлаң қаққан түлкідей.

 

Пай-пай өмір, өтесің-ау, өтерсің,

Артына да қайрылмай-ақ кетерсің,

Құлшылық ет, бір Аллаға жалынып,

Өкінішпен, өксікпенен өтпесін!

 

 

АСХАТЫМА ӨСИЕТ!

Түзу жүр балам өмірде,

Кір шалмасын көңілге.

Қарайлай жүр артыңа.

Жалғыз бауыр қасыңда.

 

Мадинам саған аманат,

Келтіре көрме жаман ат.

Қорғаны бол қашанда,

Бес күндік мына жалғанда.

 

Өмір жолы бұралаң,

Тартыншақтап жасқанба!

Қарның тойса қашанда,

Артық кетіп мастанба!

 

Тарығып жоқ боп жатсаң да,

Қиянат қылма адамға!

Дүние қуып ешқашан,

Өзгенің  жібін аттама!

 

Қанағат қыл, тәубе қыл,

Алдыңдағы барыңа!

Құмарлыққа салынып,

Кір келтірме арыңа!

 

Адалдықпен ас тапсаң,

Жұғымды болар қашанда!

Өтірік, жалған, қиянат,

Түбі жоқ, терең зиярат…

 

Осы айтқан ақылым,

Болсын есте батырым!

Сонда жақсы болады,

Нағыз бақыт қонады!

 

 

ӨЗІМЕ ҮЛГІ ТҰТАМ АПАЙЛАРДЫ

Саусақ басқа болғанмен білек бірге,

Қоныс басқа болғанмен тілек бірге.

Бес апайым алдымда бес жұлдызым,

Сендерменен соғады жүрек бірге.

 

Бесеуіңді бауырың күнім дейді,

Өсіп-өнген өмірде гүлім-дейді.

Сендер аман жүргенде қамқоршымбоп,

Жалғыздығым жалғанда білінбейді.

 

Жүріп келем сендердің іздеріңмен,

Мейрімділік көремін жүздеріңнен.

Бесеуіңнің нұрыңнан қуат алып,

Шын бақытты өмірден іздедім мен.

 

Бір емшектен бесеуің нәр алсаңда,

Бір ұядан тәрбйеап тарасаңда.

Қасйет бар әр түрлі әрбіріңде,

Өз орныңды өмірден табалсаңда.

 

Бар-жоғына өзінің қарамастан,

Алыс-жуық бәрімен араласқан.

Басына егер біреудің қауіп төнсе,

Көрсететін көмегін аямастан.

Байлығына біреудің қызықпаған,

Жақсылығы аспаған қара бастан.

Дәнекер боп ағайын арасына,

Дүнйені тиынға санамастан.

Ынтымақты береке-бірлікті ойлап,

Ішкен асы бойына тарамастан.

Жанұшырып шырылдап жүрсем егер,

Табйрадан үйрендім бала жастан.

 

Ой жіберіп алысқа абайласам,

Алды-артыма көз салып қарайласам.

Шын дос тауып қастандық ойламайтын,

Біреудің керегіне жарай қалсам.

Сөз сөйлесем кісіге күліп тұрып,

Ызалансам егерде күйіп тұрып.

Бар ойымды ұқтырсам түсіндіріп,

Тыңдаса жұрт сөзімді ұйып тұрып.

Бұл қасйет Майрадан дарығанде,

Тіл табысып адамның біріменде,

Сырласыпта, сыйласып кетеаламын,

Еркек-әйелмен, жаспенде кәріменде.

 

Артық сөзжоқ монтйып жүре берсем,

Сөз сұраса біреулер күле берсем.

Өз жұмысым өзімде әбігербоп,

Үлкендерге басымды йе берсем.

Әңгімесін өзгенің тыңдап алып,

Барлығында ішіме түйе берсем.

Жазйрадан ауысқан мұндай мінез,

Көз жіберіп ағайын біле білсең.

 

Үлкен-кіші не айтса сене берсем,

Айтқанына әркімнің көне берсем.

Қолда барын біреулер сұрай қалса,

Ірікпестен ұстатып бере берсем.

Бақтыгүлден дарыған бұл қасиет,

Аңқаулығым жетеді тере берсем.

 

Кісі сөзін басымнан асырмасам,

Шындықты айтып көзіне жасырмасам.

Басқалардан өзімді бйік ұстап,

Біреудің аяғына бас ұрмасам.

Көп алдында ән салып, күй төгілтіп,

Өнерімді көрсетпей басылмасам.

Алмагүлден дарыған бұл қасйет,

Алмас қылыш сияқты жарқылдасам.

 

Керегімді осылай таңдап алып,

Шалқып жүрмін мен бүгін таңда жарық.

Жақсы өнеге үйренсем өздеріңнен,

Бауырыңның шарықтап самғары анық.

 

Бақыттымын шынында өрісім кең,

Сендерменен барымды бөлісіпем.

Құда-жекжат,дос-жаран,туыс-туған,

Жетіп жатыр сол үшін мақтанам мен.

 

Бірі күзек болғанда,бірі қыстау.

Бірі жайлау,жап-жасыл қонысымең.

Тату-тәтті ынтымақ берекеміз,

Өмір қызық емеспе сонысымен.

 

 

АҚШОҚЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ

Биік тау Тарбағатай бауырында,

Ақшаңқай Ақшоқыдай ауылымда.

Тай мініп, асыр салып, ойын қуып,

Білмеппін балалықпен сайран құрып.

 

Қостөбе, Ұзынбұлақ, Қызылтасым,

Көкшалғын шөбің шүйгін суың бал-тым.

Байлардың жыйған анау маржанынан,

Қымбатырақ шашылған әрбір тасың.

 

Сарғали, Шатантаспен, Ұшқаттымай,

Алтын дән сақтайтұғын қамбасындай.

Көз тартады жайқалған күнбағысың,

Бейнебір жұмақ есігі ашылғандай.

 

Жұпардай иісі аңқып шұғынығың,

Құлпырып көзтартады масатыдай.

Жазықта Қарабас тау кеуде керіп,

Ор түлкі, тау ешкіңмен, елігіңай.

 

Қара өзен балығымен атың шыққан,

Мөп-мөлдір сылдыр қағып құлай аққан.

Ешқашан ұмытпайды Фар еліңнің,

Жеп көрген балығыңның дәмін татқан.

 

Алмасы, өрігіде, шиесіде,

Жүзімі балдан тәтті білесің бе?

Асанқайғы таппай кеткен жерұйығы,

Мен туған Ақшоқымның өлкесінде.

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз