ҮЗДІКТЕР “ЕҢБЕК ОЗАТЫ” ТӨЛБЕГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

0
156

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Насырханұлы салалық кәсіподақтар бірлестігінің ауданымыздағы үздік қызметкерлеріне – №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Бахытжан Қалшабековке, аудандық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Гулнура Тәжібековаға, А.Қалыбеков ауылдық округінен келген Салтанат Қалыбековаға, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Даулетбек Тұрсынқұловқа, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінен Абубакир Амирбековке, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Қанат Иманқұловқа “Еңбек озаты” төсбелгісін салатанатты жағдайда табыстады.

Төсбелгілерді марапат иелеріне табыстай отырып, аудан әкімі Б.Асанов: ” Баршаңызды Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен  шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдық негізде жұмыс атқаратын кәсіподақ комитетінің негізгі ұстанымы – қызметкерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ету болып саналатыны белгілі. Сіздер өздеріңіз қызмет ететін мекемелеріңіздегі кәсіподақ ұйымында бар уақыттарыңыз бен күш-жігерлеріңізді әріптестеріңіздің құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерсіздер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз әріптестеріңіздің өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сіздерге осындай жауапты салада жаңа жетістіктер тілеймін!”- деді.

Осы  салтанатты іс-шараны жүргізген “Қызмет” салалық кәсіподағы ҚБ-нің Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметовте өз кезегінде құттықту сөз сөйлеп,  марапат иелеріне төсбелгілеріңіз құтты болсын дей отырып, оларға кәсіби биіктерді бағындыра берулеріне тілектестігін білдірді.

Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз