ЖАҺАНДЫ ЖАЙЛАҒАН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

0
245

Өз алдына тәуелсіз ел болып егемендік алғанымызға да 30 жыл уақыт өтсе де әлі дамыған елдер қатарына қосыла алмай келеміз. Оның бірден-бір дәлелі еліміздегі жұмыссыздық. Жастардың базарларда қол арба сүйреп жүргені. Көп балала аналардың өкіметке қолын созып, көмек сұрап жүргені. Әртүрлі себептермен ашық алаңға шығып, митинг жасап жүрген қазағым. Міне, осының бәрі елім, жерім деп соққан жүрегі бар әр қазақты толғандырары анық. Мен де Қазақтан азаматшасы, қазақ қызы ретінде егеменді елімнің еңсесін биік көтергенің қалаймын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің мәуелегенің, көк туымыздыңкөк аспанда желбірегенің, дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алғанымызды қалаймын. Осындай смарт-мақсаттармен әрбір қазақ еліне еңбек сіңірсе деймін. Жұмыссыздық жойылса деймін.

Енді еліміздегі жұмыссыздықтың тезисін термелеп көрейін. Алдымен, жұмыс беретін жұмыс орындарының тапшылығы, зауыттар мен фермалардың, өндіруші орындардың жоқтың қасы. Иә, елімізде тіпті аяқ киім зауытының ақсап тұрғаны жасырын емес. Көптеген жұмыс орындары үш тілді маманды қажет ететіні джасырын емес. Кеше ауылдан келген ауыл баласы орыс тілін білмегені үшін жұмысқа да орналаса алмайтыны жасырын емес. Көптеген мекемелер еңбек өтілінің 5 жылдан жоғары болуын талап етеді. Жоғары оқу орындарын түсіп, маман иесі атану қаншалықты қиын болса, қолыңа дипломын алып өз мамандығы бойынша жұмыс табудың қиындығы өз алдына. Міне, осындай кедергілдердің арқасында қазақ жастары өмірден шеттеп қалуда. Дипломы бола тұра арба сүйреп, еден жуып жүрген қанша қаракөз қыздарымы бен тепсе темір үзетін жастарымыз жүр.

Сөзімді қорытындылай келе, осы түйткілдің күрмеуін шешіп көруге тырыссам. Мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан әр бүлдіршін өз елінде қажеттілігіне сай білім алып, тәжірибеден өту үшін арнайы жолдамамен жұмысқа орналасса. Бұл жаңалық емес. Бұрын да болған. Тәжірибелі мамандар жас мамандарды қамқорлығына алса. Зейнеткерлік жасын қысқартып, зейнет жасындағы мамандар орындарын жастарға босатып берсе.

Еліміздегі жұмыссыздың алдын алудың бірден-бір жолы осы деп ойлаймын.

Гүлмира ЖҰМАТАЕВА, Алматы қаласы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз