ЖАҢА ҚОҢЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

0
156

Осыдан дәл бір апта бұрын Мырзакент поселкасының шығыс бөлігінен, мамыр айында Өзбекстандағы Сардоба су бөгетінде орын алған апаттан зардап шеккендерге арнап салынған 500 үй иелеріне ресми түрде табыс етілгені белгілі. Астана мен Ташкент және Түркістаннан арнайы келген қадірлі қонақтар мақтааралдықтарды қуанышқа бөлеп кеткенін БАҚ-тар жарыса хабарлап жатты. 

Апат орын алған уақыттан бергі 5 ай уақыт ішінде салынған заманауи үлгіде салынған мөлтек ауданда тұрғындарға қажетті инфрақұрылымдар бар. Тіпті олардың тынығулары үшін арнайы жайлар салыныпты.

Кейбір себептерге байланысты жаңа мөлтек аудандағы үйлердің кейбіріндегі әрлеп-сырлау секілді жұмыстар уақтылы аяқталмаған еді. Бір аптада сол олқылықтар жөнделіпті деген хабарларды естіп отырмыз. 

Жаңа қоңыстардың  иелеріне құтты болсын айта отырып, 19 қазан күнгі үй иелеріне кілттер тапсыру кезіндегі ерекше сәттерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз