ЖҰБАН ЖЫРЫ –МӘҢГІЛІК

0
151

Атакент ауылдық  модельді  кітапханасы ұжымының  ұйымдастыруымен, халқымыздың даңқты ақыны, ұлт мақтанышы  Жұбан  Молдағалиевтың  туғанына  100 жыл толуына  арналған  «Жұбан  жыры – мәңгілік»  атты  әдеби марафон  өткізілді.

Бұл шараның мақсаты: оқырмандарымызды Жұбан  Молдағалиевтің  өмірі мен  шығармашылығымен  таныстыру, оқушыларды  елін,  жерін  сүюге,  Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімге  баулу болды.  Іс-шара барысында кітапханашы Гүлмира Байменова, жиналғандарды  ақынның  өмірі және  шығармашылығымен  таныстырып  өтті.

Жұбан  Молдағалиевтың ақындық  даңқын  көтеріп, оның  есімін  әдебиет  әлеміне енгізген  шығармасы  «Мен  қазақпын» поэмасы деп айтуға болады.  Осы  поэмада  ақын  қазақ халқының  өткен  өмірі мен  тағдыры  жайлы  жырлайды.

Кітапханамыздың  тұрақты  оқырманы  Балауса  Зұлпаева ақынның «Мен  қазақпын»  поэмасынан үзіндіні  жатқа  мәнерлеп  айтты.  Іс-шара барысында сонымен қатар  Жұбан  Молдағалиевтың  өмірі мен  шығармаларына  арналып түсірілген шағын  бейнеролик  әлеуметтік  желі  оқырмандарына ұсынылды

Ұ. САРИЕВА,

Атакент  ауылдық  модельді  кітапханасының  меңгерушісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз